Вахид Масудов: «Ақтөбе» өзінің табандылығымен ұнады

"Тараз" футбол клубы бас бапкерінің "Ақтөбе" командасымен (2:3) өткен ойыннан кейінгі баспасөз-мәслихатындағы сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. 

-Ойын қызықты өтті. Комбинациялы футбол ойнайтын командалар кездесті. Бүгін алаңда бос жүгіріс болған жоқ. Қос команда да тартымды ойнауғы тырысты. Біз бірінші таймда тактикалық тұрғыда дұрыс ойнадық. Неге екенін білмеймін, екінші тайм басында сүреңсіз ойын көрсеттік. Бәлкім, өз қақпамызға гол соқтырып алғаннан болар. Стандарттар бізге пенальти секілді. Түсінбеймін, жұмыс жасап жатқан сияқты едік. Бірақ стандарттан көп соқтырып алып жүрміз. «Ақтөбе» өзінің табандылығымен ұнады. Біз екі гол соқтырып алған соң да өз ойынымызды ойнауды жалғастыра бердік. Қарсыласқа қысым көрсетіп, үшінші голымызды соға алғанымызға қуаныштымын. Жалпы айтсақ, ойын жанкүйерлер үшін қызықты болды, ал бапкерлерге оңайға соқпады.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV