Александр Седнёв: Біз өте қатты жеңгіміз келген. 

"Ақтөбе" футбол клубы бас бапкерінің «Тараз» командасымен (2:3) өткен ойыннан кейінгі баспасөз-мәслихатындағы сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. 

-Эмоцияға толы ойын болды. Басқаша болу мүмкін емес еді. Біз өз алаңымызда ойнауды көп күттік. Біз бірінші таймда өте байсалқы қимылдап, екі бірдей соққы алдық. Бірінші тайм түгесілер тұстағы екінші гол бізге ауыр тиді. Дегенмен, өз білгенімізден жаңылмай, ойынымызды жандандыра алдық. Біз өте қатты жеңгіміз келген. Біз осындай қиын шақта стадионды толтырған жанкүйерлерді өте қатты қуантқымыз келді. Біз олардың қолдауларын сезінеміз, олар біздің 12-ші ойыншымыз. Олардың есеп 0:2 болып тұрған шақта да қолдап-қолпаштағанына қуандым. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Футболшылар бұнымен мақтанулары керек. Сонымен қатар, мені таңғалдырған тағы бір нәрсе – ойыннан кейін киім ауыстыратын бөлмеге Оңдасын Сейілұлының (Оразалин – облыс әкімі – авт) келуі. Нәтиже болса көңіл көншітпейді, алайда ол кісі қолдау сөздерін айта келіпті. Жігіттерге, клубқа қолдау сөздерін айтты. Жанкештілік танытып ойнағанымыз үшін алғыс айтты. Клубты қиын жағдайдан алып шығу үшін көп шаруа тындырылып жатқандығын біз жақсы түсінеміз. Облыс басшылығының ойыннан кейін қолдау білдіруі бізге үлкен үміт береді. Сондықтан әрқайсымыз жағдайды өзгерту үшін өзімізді түзете беруіміз қажет. Мен тағы да жанкүйерлерге қарата айтқым келеді, дегенмен, мен олардың алдағы уақытта да біздің 12-ші ойыншымыз болып қала беретіндігін білемін. Біз алаңда күшіміз сарқылғанша ойнауға дайынбыз. Иә, бәлкім бізге шеберлік жетіспейтін шығар. Қосалқы құрам ойыншылары да санаулы. Бізге кадр жетіспейді. Бірақ, тағы да қайталап айтамын, бұндай жағдай алаңда құр бос уақыт өткізіп жүруге ешкімге құқық бермейді. Біз тезірек қалпымызға келіп алуымыз керек. Алда қиын ойындар күтіп тұр. 

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV