Николай Николов: Мен өз командама және нәтижеге ризамын. 

Кеншілердің бас бапкері "Шахтер" - "Ақтөбе" ойынына пікір білдірді (3:0)

- Біз бүгін жеңіске лайықты болдық. Командамды құттықтаймын. Бұл жеңіс біз үшін өте маңызды. Біз алғашқы минуттан бастап ойын тізгінін қолымызға алдық. 12-ші минутқа дейін есеп ашатын екі мүмкіндігіміз болды. Өкінішке орай, оларды жүзеге асыра алмадық. Бірінші таймда ойынды бақылауда ұстадық. Екінші таймның басында шамалы қобалжу болды. Соған қарамастан біз алғашқы голды соға алдық. Сол гол командаға байсалдылық берді. Одан кейін де көптеген мүмкіндіктеріміз болды. Мен өз командама және нәтижеге ризамын. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV