Александр Седнев: Қарсыластан да үйренеріміз бар

"Ақ-қызылдардың" бас бапкері "Шахтер" - "Ақтөбе" (3:0) матчына пікір білдірді.

- Қарсыласты жеңісімен құттықтаймын. Құрылымы жақсы команда. Мен осындай командалармен ойнағанды ұнатамын. Жүйелі команда, өз-өзіне сенімді. Әрине, бүгін бізге шеберліктің жетіспегені рас. Сондықтан қарсыластың ыңғайына қарай ойнадық, қарымта шабуылға иек арттық. Ойын барысында гол соғатын бірнеше мүмкіндіктеріміз болды. Гол соға алғанымызда ойнау әлдеқайда жеңіл болар ма еді. Себебі қарсылас сақтықтана ойнады. Бізден сескенді, қорғаныста бір топ ойыншыларымен ойнады. Өкінішке орай, бізге шеберлік және кей сәттерде сәттілік жетіспеді. Ал "Шахтерға" біз өзіміз "көмектестік". Мен футболшыларыма барынша тырысып ойнағандары үшін алғыс айтамын. Бұл әзірге біздің басты көзіріміз. Олардың осындай деңгейде ойнауларының өзі оларға берілген аванс екенін түсінуіміз керек. Қарсыластан да үйренеріміз бар. Футболшыларым да бұны жақсы түсінеді деген ойдамын. Олар ал да қаш ойынынан гөрі, ойын құрылымын сақтай отыра ойнауды жөн көреді. Біздің талап етуіміз бойынша ойнағысы келеді. Олар жарап тұр. Жанкүйерлерге алғысым шексіз. Олар бүгін де біздің ойынға келді. Жанкүйерлер бізді қатты қолдауларын тоқтатар емес. Бұның бәрі сенімсіздікке алып келмесе екен деймін. Әр ойын біз үшін Кубок финалы іспеттес. Енді өз алаңымызда өтетін ойынға дайындаламыз. Ұпай алғымыз келеді. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV