Александр Седнев: Әрбір нәрседен пайда алуымыз керек

"Ақтөбе" ФК бас бапкерінің "Оқжетпеспен" өткен ойыннан кейінгі сұхбаты (0:2).

- Бұл жеңіліске пікір білдірудің өзі қиын. Бұған дейін де мен әрбір нәрседен пайда алуымыз керек деп айтқан болатынмын. Мен футболшыларға артық ештеңе айта алмаймын - олар қолдарынан келгенінің бәрін жасап бағуда. Өкінішке орай, біз қазір функционалдық тұрғыда шаршаңқымыз. Бастапқы құрамға шығарған ойыншыларды қандай да бір стратегиялық тапсырма үшін емес, қайтсек "тірі ойыншыларды" жинасақ болады деген ойдан шыққан еді. Жарақат алған ойыншылардың көптігін алға тартып отырған жоқпын, дегенмен, бұл біз үшін соққы болды. Жолымыз болмай жатыр деп те айтуға келмейді. Шындығы, бізге бұндай деңгейде тайталасу қиынға соғып жатыр. Сәттілік жолдас болса екен дейсің. Бұл нәтижелерге қарап көңілімізді суытып алмауымыз қажет, ойыншыларды да басып тастауға болмайды, олар бұл қиыншылықтарға қарсы тұра білулері тиіс, төтеп беруге әрқайсысы міндетті. Бой үйретіп қоюға болмайды. Келесі ойынды бізге берілген тағы бір мүмкіндік деп қарастыруымыз керек. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV