Андрей Карпович: Ақтөбеде ойнаған ұнайды 

"Оқжетпес" ФК бас бапкерінің "Ақтөбемен" өткен ойыннан кейінгі сұхбаты (0:2). 

- Қиын ойын болды. Барлық жеңістер қиыншылықпен келеді. Ақтөбеде ойнаған ұнайды, себебі бұл жерден әрдайым футбол мерекесін көреміз. Ең үздік жанкүйерлердің бірі осы стадионда, нағыз футбол атмосферасы, сол себепті де бүгінгі жеңіс біз үшін ерекше қымбат. Жігіттерді жеңіспен құттықтаймын. Үлкен жұмыс жасадық. Әлі де біраз еңбектену керек. Нәтижеге көңілім толады. "Ақтөбеге" қолдау білдіргім келеді - қаншама қиыншылықтарға қарамастан команда ойнап жатыр. Бұл қиын жағдайдан тезірек жол тауып шығып кетулеріңізге тілектеспін. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV