Александр Седнев: Жас ойыншылар еш қорықпай ойнады. 

"Ақ-қызылдардың" бас бапкері "Жетісу" - "Ақтөбе" матчына пікір білдірді - 1:1. 

- Қиын ойын болды. Доп үшін таласта ешкім аянып қалған жоқ. Бірнеше ойын бойы жеңіліп келген едік, сол серияны тоқтатқымыз келді. Ойынымыз енді тұрақталып келе жатыр. Біз өзімізге не жетпейтінін білеміз. Футболшылардың ерік-жігерлеріне өте ризамын. Қосалқы құрамдағы ойыншыларымыз өте аз. Әсіресе жас ойыншыларға оңай емес. Күштері жетпей жатса да тырмыса ойнаулары мақтауға тұрарлық дүние. Тағы бір маңызды нәрсе - үзіліс алдында гол соқтырып алған кезде күйгелектенбей, сабырлы қалпымызды қала бердік. Өз ойынымызды өрбіте бердік. Шабуылда өз мүмкіндігімізді күттік. Соны дұрыс пайдалана алатындығымызға сендік әрі күттік. Солай болып шықты. Ойын соңында да қарсылас стандарттан шабуылдап, бізді қысып тастаған кезде біз қорғанысқа жатып алмадық. Қарымта шабуыл жасап бақтық. Қайталап айтайын, дәл осындай уақытта мен ойыншыларымды төмендетіп, жігерлерін жасытқым келмейді. Біз өзіміздің шама-шарқымызша ойнаймыз. Өз білгенімізге сүйенеміз. Сол үшін де жігіттерге рахметімді айтамын. Келесі ойынға дайындалып алу үшін уақыт бар. Біз бүгін алаңға шығарған тағы бір ойыншының алаңда жанкештілікпен ойнағаны мені қатты қуантты (Рустам Сахибов - авт). Футболшылар да бір-біріне көмектесіп, қолдап отырады. Жас ойыншылардың еш қорықпай ойнағандары үшін қуаныштымын. Бұл мен үшін өте маңызды. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV