Дмитрий Огай: "Ақтөбе" бүгін жеңіске лайықты болды 

"Жетісу" командасының бас бапкері "Ақтөбемен" өткен ойынға пікір білдірді - 1:1. 

- Ойынға еш айтарым жоқ. Жігіттерге айтылған сөз бен алаңдағы ойын мүлде қабыспай кетті. Менің ойымша - "Ақтөбе" бүгін жеңіске лайығырақ болған секілді. Бірақ бізде де бірінші таймда гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Алайда жалпы алар болсақ, ойынымызға көңілім көншімейді, алаңдағы іс-әрекетіміз дұрыс болмады. Тең есепке лайықты болдық деп те айтқым келмей тұр. Мен жігіттермен киім ауыстыратын бөлмеде сөйлестім. Егер бүгін жеңіліп қалғанымызда мен таңғалмас едім дегенді айттым. Себебі өте нашар ойнадық. Осымен екінші ойын осылай болып жатыр. Жеңіске лайықты болмадық. Жақсы ойын көрсете алмадық. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV