Абат Айымбетов: Жанкүйерлерден кешірім сұраймын

"Ақ-қызылдардың" шабуылшысы "Қайратпен" өткен ойынға пікір білдірді - 0:3.

- Біз үшін қазір әр ойын финал іспеттес. Бүгін де тек жеңіс үшін деп шықтық. Қарсылас қандай болмасын, өз ойынымызды көрсетуіміз маңызды еді. Кей сәттерде жолымыз болмады, дегенмен, жігіттер барынша тырысып-ақ ойнады. Қолдан келгенше бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлердің сенімдерінен шыққымыз келді. Осынау Алматыда бізді керемет қолдаған, көгілдір экран артында бізге сенім артқан барша "ақ-қызыл" жанкүйерлерден кешірім сұрағым келеді. Сіздер ең үздік жанкүйерсіздер! Сіздерге жетер ешкім жоқ. Қазіргі кездегі уақытша қиыншылықтың артынан жеңілдік келер деп үміт етем. Біз тек алға ғана қарауымыз керек, дами беруіміз керек, өсе беруіміз керек, басқа жол жоқ. Бәрі дұрыс болатынына сенем. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV