Александр Седнев: Мен біздің жанкүйерлеріміздің сабырына таң қаламын, олардың клубқа, футболшыларға тым берілгендігіне қайран қаламын

«Ақтөбе» ФК бас бапкері «Тобылмен» өткен Премьер-лиганың 14 тур ойынына пікір білдірді – 0:1.

 - Қос команда да шабуылға иек артып ойнады. Жылдам футбол көрдік. Позициялық шабуылдарды есепке алмағанда, доп алаң ортасында көп кідірген жоқ. Біз агрессиялы футбол ойнадық, соған ұмтылдық. Ойынды дәл солай жақсы екпінмен бастадық. Тым жақсы гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Өкінішке орай, соңғы шепте дәл соққы жасау қолдан келмеді. Ашық футбол болғанымен, футболшыларым жинақы ойнай білді. Біздің ойыншылар дұрыс ойнады, шабуылдың өрбуі маған ұнады, бірақ соңғы нүктені қою біз үшін мұңға айналды. Мен біздің жанкүйерлеріміздің сабырына таң қаламын, олардың клубқа, футболшыларға тым берілгендігіне қайран қаламын. Олар бізге ерекше дем беріп, ойынымызды жақсарта түсуге өз үлестерін қосуда. Бәлкім ойын сапасы жақсарып келе жатқан шығар, бірақ әзірге оң нәтиже болмай тұр. Кадр жетіспеушілігіне қарамастан, алдағы уақытта да ойынымыз жақсара береді деп сенемін. Әрбір ойын біз үшін бөлек чемпионат.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV