Владимир Газзаев: Бірінші таймдағы ойынымызға мүлде көңілім толмайды

«Тобыл» ФК бас бапкері «Ақтөбемен» өткен Премьер-лиганың 14 тур ойынына пікір білдірді – 0:1.

- Біздің жанкүйерлерімізді бүгінгі жеңіспен құттықтаймын. Бұл жеңіс біз үшін қиынға соқты. «Ақтөбе» мен «Тобыл» арасындағы ойындар әрдайым таласқа толы өтеді. Бүгінгі ойын да дәл солай болды. Біз тек үш ұпай үшін ғана келгенбіз. Жалпы алар болсақ, лайықты түрде жеңіске жеттік. Бірінші таймдағы ойынымызға мүлде көңілім толмайды. Ойыншыларым бірінші таймда кеткен қателіктерін дұрыстағанына өте қуаныштымын. Үзілістен кейін ойынға біршама өзгеріс енгіздік. Екінші таймда жылдамырақ, агрессия көрсете ойнадық. Мүлтіксіз ойын көрсеттік деп айта алмаймын, дегенмен, екінші таймдағы ойынымыз мені қуантты. Оған қоса гол соғатын бірнеше мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Ең бастысы – жеңіске жеттік.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV