Александр Седнев: Соңғы минуттарға дейін тек жеңіс үшін ойнадық 

"Ақ-қызылдардың" бас бапкерінің "Атырау" - "Ақтөбе" матчынан кейінгі сұхбаты - 1:1. 

- Бүгінгі баспасөз-мәслихатымды әдеттегідей өз футболшыларыма деген алғыстан бастағым келіп отыр. Кадр тапшылығына қарамастан, олар бүгінгі ойында тәп-тәуір ойнап шықты. Біз алаңда кейбір ойыншылардың позицияларын ауыстырдық. Кейбір футболшылар өздерінің үйреншікті позицияларын тастап, алғаш рет басқа орындарда ойнап көрді. Осы уақытқа дейін төгілген тер зая кетпегенін бүгін көре алдым. Ешбірі тосырқап қалмады. Әркім өз орнында бекем ойнады. Біз жеңіске лайықты болдық, себебі жиі-жиі өткір шабуылдарға шығып тұрдық. Аздап жолымыз болмады. Соңғы минуттарға дейін тек жеңіс үшін ойнадық. Әдеттен тыс қорғанысқа қарайлай ойнаған шығармыз, өйткені бітпейтін стандарттарға қарсы ойнаудың өзі қиын. Оларда бойшаң ойыншылар да баршылық. Дегенмен, үзіліске кетерде қақпамызға гол соқтырып қойдық. Біздің қақпамыздың алдында шаңсорғыш тұрғандай, себебі ұшқан доптың бәрі кіріп кетуге бейім-ақ. Түсініксіз бір голдар әйтеуір. Алдыңғы турда да доп қақпа бағанынан серпіп кіріп кеткен еді, бүгін бұрыштамадан тікелей сүңгіп кетті. Біздің ойыншылар функционалдық жағынан қарсыласқа қарағанда ширақ көрінді. Қос команда үшін ойын қиынға соқты. Допқа талас көп болды, ойын жылдамдығы да әжептәуір деңгейде болды. Сосын, әлгі стандарттар біздің ойынымызды тежеп-ақ тастады. Келесі ойынға жақсылап дайындалуымыз керек. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV