Олег Дулуб: Бір ұпай алғанымыз жақсы болды 

"Атырау" командасы бас бапкерінің "Атырау" - "Ақтөбе" матчынан кейінгі сұхбаты - 1:1. 

- Ойын менің ойымша екіге бөлінді. Соңғы уақыттағы біздің үсті-үстіне өткізген ойындарымыз бүгінгі ойынға кері әсерін тигізді. Біз бір аптаның ішінде үш ойын ойнадық. Зейін қоя ойнап, мұқияттылық таныта алмағанымыз себепті гол соқтырып алдық. Қалмұратовтың жеке бас шеберлігі арқасында есепті теңестірдік. Екінші голды соғу үшін жанталастық, "Ақтөбенің" де қарымта шабуылдары өте қауіпті болды. Екі команда да жеңіске жетуге барын салды. Бір ұпай алғанымыз жақсы болды 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV