Ардақ Сәулет: Аптап ыстықта жоғары темпті ұстап отыру қиын 

«Ақтөбе» ФК жартылай қорғаушысы Ардақ Сәулет «Атыраумен» өткен ойынға пікір білдірді – 1:1. 

- Бүгін ойын өте қиын болды. Өйткені бізге тек қарсылас қана емес, ауа-райы кері әсерін тигізді. Ауа температурасы 40 градусты көрсетіп тұрды. Бұндай аптап ыстықта ойнау және жоғары темпті ұстау қиынның қиыны. Бірақ оған қарамастан біз бүгін жеңіске лайықты болдық деп есептеймін. Бізде алаң иелеріне қарағанда гол соғатын мүмкіндіктер көбірек болды. «Атырау» көбіне ауттарға, стандартты жағдайларға иек артты. Ең бастысы – біз жеңілген жоқпыз. Бір ұпай да біз үшін олжа. 

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV