Александр Седнев: Футболшыларды, клубтың барлық қызметкерлерін, жанкүйерлерді бүгінгі жеңіспен құттықтаймын 

"Ақ-қызылдардың" бас бапкерінің "Ақтөбе" - "Ertis" матчынан кейінгі сұхбаты - 2:1 

- Сөзімді футболшыларды, клубтың барлық қызметкерлерін, ең бірінші жанкүйерлерді құттықтаудан бастайын. Бұл біздің өз алаңымыздағы алғашқы жеңісіміз. Жеңіс қиынға соқты. Камбэк жасадық. Бұл жеңіс бізді әрі қарай алға жетелей берсе деген үміттемін. Бұған дейін де көп ойындарда жолымыз болмай келген. Ойыншылар жарап тұр - олар өздеріне сенеді екен. Дұрыс бағытта келе жатқанымызға сенеді. Бізді бүкіл жерде қолдап келеді. Қаншама футболшыларымыз жарақаттанды, ойыншылар жетіспеді, олар сонда да алаңда бар күштерін салып ойнап жатыр. Бұл да футболшылардың жанкүйерлердің ықыластарына берген жауабы деп ойлаймын. 

Ойынға келер болсақ, жылдам ойын көрдік. Біз алаңның барлық бөлігінде қысым жасадық. Бірінші таймда жеңіліп жатсақ та біз қарсыластан барлық жағынан басым болдық. Кейбір гол соғатын сәттерде соңғы соққыны іздеп көп созып жүріп алдық. Екінші таймда ойыншылар ауыстыруға мәжбүр болдық. Алаңға шыққан ойыншылардың ойын барысына өзгеріс енгізе алғандығы қуантты. Сонымен қатар, жанкүйерлердің үздіксіз қолдауы алаңдағы ойыншыларға күш бергені анық. Олар ойнағысы келмесе де жүгіріп кететіндей қолдау-қолпаштауды көріп келеміз. Басқалай болуы мүмкін емес. Біз бүгін жеңіске лайықты болдық. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV