Милан Миланович: Бүгінгі матчтың қаһармандары "Ақтөбе" ойыншылары 

Павлодарлық клубтың бас бапкерінің "Ақтөбе" - "Ertis" матчынан кейінгі сұхбаты - 2:1. 

- Бірінші таймда өте нашар ойнадық, дегенмен 1:0 есебімен алға шықтық. Мүмкін бұл әділетсіздік болған шығар. Доп "Ақтөбеде" болды, олар допты үнемі бақылауда ұстады. Екінші таймда ойнай бастадық. Жақсы ойнап жаттық, алайда өкінішке орай екі гол соқтырып алдық. Ойыншылардың не істеп жүргендері түсініксіз. Екі гол да өзіміздің кінәмізден кіріп кетті. Бүгінгі матчтың қаһармандары "Ақтөбе" ойыншылары, біз емес. Есеп 1:0 болып тұрған шақта Мульдинов ұрымтал тұстан гол соға алмады, содан кейін бірден гол соқтырып алдық. - Қарсыластың жоғары қысымына дайын болдыңыздар ма? 
- Иә, біз қарсыластың ойынын сараптадық, оның қалай ойнайтынынан хабардармыз. "Ақтөбе" - агрессивті ойнайтын команда, олардың үш-төрт ойыншысы шабуыл өтінде жүреді. Бірінші таймда біздің күшіміз сарқылып қалғандай көрінді. Қайталап өтейін, екінші таймда біз дұрыс ойнадық. Бәрі жақсы болады деп ойлағанмын. Жүз пайыздық мүмкіндіктерді пайдалана алмадық, сол себепті бәрі керісінше шықты. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV