Вахид Масудов: Команда жеңіс үшін бар күштерін сарп етті 

"Тараз" бас бапкерінің "Ақтөбе" командасымен өткен ойыннан кейінгі сұхбаты - 1:1. 

- Команда жеңіс үшін бар күштерін сарп етті. Ол сырт көзге де байқалды. Өзімізде бар мүмкіндіктерді пайдалануға тырыстық. Біз доппен бірге айып алаңына дейін кіріп кеттік. Өкінішке орай, соңғы соққы жоқ. Соңғы нүктені қоя алмадық, жаттығуларда да бұған аса мән берілетін. Шеберлік жетіспейді. Ойламаған жерден пенальтиден гол жібердік. Оң нәтижеге қол жеткізбесең, тек тырысып баққаның жеткіліксіз. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV