Александр Седнев: Футболшылар өз-өздеріне сенеді.
 
"Ақ-қызылдардың" бас бапкерінің "Тараз" - "Ақтөбе" матчынан кейінгі сұхбаты - 1:1.
 
- Екі команданың да тең нәтижеге көңілдері толмайды. Әр қайсысының өз мақсат-мүддесі бар. Бірінші таймда біз гол соқтырып алғандығымызға қарамастан өткір ойнадық. Доп ойламаған жерден соғылды. Дегенмен біз бар күшімізді жинап, есепті теңестіре алдық. Қарсылас допты әуелете көтеріп ойнай бастағаннан кейін бізге қиындау болды. Біз әуедегі допқа таласа алмаймыз. Бағымызға орай, алаң иелерін тұсап ұстай алдық. Біз қарымта шабуыл арқылы ойнадық. Сол бар мүмкіндіктерімізді оңынан пайдалануымыз керек еді. Футболшылар кей жерлерде бұрыс ойнап жатты. Шабуылға шығар алдында көп дайындалып жүріп аламыз. Өткір-өткір, ылдым-жылдым ойнауға да болады ғой. Жиірек шабуылдап, орта тұста белсенді ойнауымыз керек еді. Білмеймін... Ойыншылар орташа арақашықтықтан тебуден қаймығады... Бәлкім, бұл қателік жасап қоймайық деген ойдан шығып жатқан болар. Осындай ыстықта және кадр тапшылығы кезінде жақсы қимыл көрсетіп, тез ойнауға тырысқандары үшін жігіттерге рахмет айтамын.
 
- Айтыңызшы, осындай қиын шақта "Ақтөбеге" ұпай жинау қаншалықты қиынға түсуде? Еңселеріңізді қайтіп тіктеп жатырсыздар?
 
- Біз ұпай жинап жатырмыз деп айта алмаймын. Барға қанағат, жоққа сабыр етіп жүрміз. Біз чемпионатты бүгін ғана бастап жатырмыз. Алғаш рет нөлге шықтық. Мен есеп-қисап пен болжамға бой алдырғым келмейді. Ойыннан ойынға ақырындап жүріп отыруымыз керек. Футболшылар өз-өздеріне сенеді. Біз оларды бірдеңеге сендіріп, оларға басқаша әсер етуге тырыспаймыз. Жігіттер өз-өздеріне сенсе болды. Біз оларға кедергі болмаймыз. 
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.
 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV