Ардақ Сәулет: Бізде ешқандай қорқыныш, қобалжу деген жоқ

"Қайсар" - "Ақтөбе" матчындағы жалғыз гол авторы Ардақ Сәулеттің ойыннан кейін пікірі - 0:1

- Біріншіден, барша ақтөбелік жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Бапкерлік штабтың, футболшылардың, стадионға келген және экран артынан қолдап отырған жанкүйерлердің жеңісі. Біз әр ойынға асқан жауапкершілікпен, тек жеңісті көздеп шығамыз. Бізде ешқандай қорқыныш, қобалжу деген жоқ. Бүгін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірімізге біріміз көмектесіп ойнаған себепті жеңе алдық. Гол соққаныма қуаныштымын. Бірақ бұл гол командалық еңбектің арқасы. Тағы да жеңіспен құттықтаймын, әсіресе, алыстан келіп, бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысым шексіз. Олар аз болса да бізге жақсы дем берді. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV