Әлішер Әжімов: Қиын ойын болды

"Ақ-қызылдардың" жартылай қорғаушысы "Қайсармен" өткен ойынға пікір білдірді - 0:1.

- Қиын ойын болды, өйткені "Қайсармен" сырт алаңда ойнау кез-келген командаға қиын болары анық. Бірінші таймда біз бапкердің берген нұсқауларын дұрыс орындауға тырыстық, соның арқасында гол соқтық. Екінші таймда қорғанысқа көңіл бөлуге тура келді. Дегенмен, ойынның екінші жартысында да гол соғатын жақсы мүмкіндіктеріміз болды. Жеңіске лайықты өнер көрсеттік. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV