Александр Седнев: Пиззелли кез келген сәтті пайдаланып кететін ойыншы

«Ақ-қызылдардың» бас бапкері «Жетісу» командасымен өткен ойынға пікір білдірді – 1:2.

-Матч екіұдай әсер қалдырды. Жеңіліп қалғанымыз өзегімізді өртейді. Қарсыласқа көп мүмкіндік беріп қойдық деп айта алмаймын. Бірақ, өкінішке орай, олар матч басында ақ есепте алға шығып, басымдыққа ие болды. Себебімен көптен бері арпалысып келеміз. Еш алып тастай жатырмыз. Оған тек кадрлық өзгерістер ғана көмектесе ме деп қорқамын. Бізде ойыншылар санаулы екенін білесіздер. Қайткенме де, біз бүгін аса жинақы ойын көрсеттік. Әсіресе Көкшетауда өткен ойынмен салыстырғанда анағұрлым сақ ойнадық. Ол ойында қатты ашылып кетіп, ойын өрнегін жоғалтып алған едік. Бүгін ойын құрылымын сақтай білдік. Бірақ біз позициялық шабуылдарды көп жасап жүріп аламыз. Шабуылдың шарықтау шегіне жетіп, бір тәуекел қимыл жасаудың орнына ойыншылар дұрыс шешім қабылдай алмай жатады. Біз созып жүріп аламыз, сол себепті доптан айырыламыз. Допты жағдайды дұрыс пайымдап, керек кезде айып алаңына жеткізе алмаймыз. Өзара пас беріп жүріп алу бәрін зая кетіреді. Бұны өзгерту қиындау болып тұр. Дегенмен, футболшылардың сенімді ойнап, доптан оңайлықпен айырылғысы келмейтінді қуантады. Кезең-кезеңімен ойнағысы келеді. Бірақ шабуылға нүкте қойылмаса қиын бола береді.

-Пиззелли бүгін ұзақ уақыттан бері алаңға алғаш рет шықты. Маркостың ойынына қандай баға бересіз? Ол бұрынғы бабына қайта келе ала ма?

-Маркос қалпына келу үшін өзі де тыным таппай үлкен жұмыс жасады. Біздің дәрігерлік штаб та оған көмек қолын созды. Оның көбірек ойнағанын қалаймын. Бірақ сенсеңіздер, дәрігерлер маған бүгін тек бес минутқа ғана шығаруға рұқсат берді, мен он бес минутқа шығардым. Ол бір сәтті пайдаланып, ойын тағдырын шешіп кетсін деп қана емес, оның көбірек ойнағанын қаладым. Қалай болғанда да, Маркостың деңгейі жоғары ойыншы екендігін, бір сәтті пайдаланып кете алатындығын жақсы білесіздер. Өздеріңіз көргендей, ол жоқ жерден  бірдеңе тауып алып кете береді. Ол қиын сәттен сытылып шығып, допты әуелетіп біздің шабуылшымыздың басына топ еткізді. Сонымен қатар, мен оның денсаулығына қатер төндіргім келмейді. Осындай жасқа келіп, өте ауыр жарақат алу өте қиын дүние. Ол функционалдық дайындығын күн сайын шыңдап жатыр. Тек қана жаттығумен тез бабына келу қиын. Футболшы ойынға қатысқан сайын тез дами береді. Допты ырқына көндіре алатын ойыншының тезірек қатарымызға қосылғанын қалаймын. Ол ойын ритмін жақсы сезіне біледі. Әзірге тек күту ғана қалды.  

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV