Қайрат Айманов: Жергілікті жастар аса үлкен ынтамен ойнап шықты 

«Жетісу» ФК бас бапкерінің ассистенті «Ақтөбемен» өткен ойынға пікір білдірді – 2:1. 

-Алаң иелері бірінші таймда қысым жасады. Маған ұнағаны – жергілікті жастар аса үлкен ынтамен ойнап, жанкүйерлердің алдында кеңінен көсілді. Ойын басында бізге қатты қысым жасалды. Өкінішке орай, біз ол қысымға дайын болмай шықтық. Жиі қателестік. Әсіресе орта шепте. «Ақтөбе» қос қапталмен де жақсы шабуылдады. Біздің қақпамызға көптеген қауіпті шабуылдар жасалды. Бірақ бірінші таймның ортасында ойынымызды түзедік. Гол соғып алғанымыз жақсы болды. Екінші таймда ойын жүйесін өзгерттік. Екінші голды соғып алған соң ойнау жеңілдеп сала берді. «Ақтөбе» агрессиялы ойнады. Ынта-шынтасымен алға лап қойды. Өкінішке орай, матч соңында Пиззеллидің пасынан соң Айымбетов гол соғып кетті. Ойын соңы жүйке жұқартарлықтай болды, дегенмен, төтеп бере алдық. 

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV