Александр Седнев: Барша жанкүйерлерге рахмет 

"Ақ-қызылдардың" бас бапкері "Астана" командасымен өткен ойынға пікір білдірді - 2:3. 

- Біріншіден, барша қазақстандықтарды, облыс тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Сонымен қатар, "13 секторды" да жеке мерекелерімен құттықтағым келеді. Жігіттер жарап тұр. Оларға алғысымыз шексіз. Осындай футбол кешін ұйымдастыра білетін барша жанкүйерлерге рахмет. Бұл халықаралық деңгейдегі қолдау. Бізге де бұндай атмосферада ойнау бір ғанибет. Қарсыласты бүгінгі жеңісімен құттықтаймын. Біз көп күш жұмсадық. Қиын ойын болды. Өкінішке орай, стандарттан гол жіберіп қойдық. Есептелмеген гол бізге сенім ұялатқандай болды. Қонақ команда позициялық шабуылмен ойнайды. Біз де стандарттан гол соқтық. Кейін есепті теңестіре алдық. Бірақ ашық ойынға көшіп кеткен себепті, қақпамыздың алдында қателік жасап, гол соқтырып алдық. Бұл ойыннан сабақ шығарамыз деген үміттемін. Жауапкерсіздікті тастайтын уақыт келгенін олар түсінулері керек. Қателіктер жоқ емес. Қалай болғанда да, ойыншыларға рахметімді айтамын. "Астана" тәжірибелі ойыншылары бар команда. Ойыны бір жүйеге негізделген. "Астанаға" Еуропа лигасында сәттілік тілеймін. Көп көрермен "Астана" үшін тақымдарын қысып, қолдау көрсететіндігіне сенімдімін. Тиімді нәтижеге қол жеткізе алмағандығымыз үшін өкініп те тұрмыз. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV