Александр Седнёв: Ойыншылар бүгінге жеңіске жету үшін барын салды 

"Ақтөбе" ФК бас бапкерінің "Ertis" командасымен өткен ойыннан кейінгі пікірі - 1:1. 

- Эмоцияға толы ойын болды. Сонымен қатар, қос команда да сақтана ойнады, бірақ өткір-өткір шабуылдар да жиі жасалып тұрды. Өкінішке орай, алғашқы голды біз соқтырдық. Бірінші болып соға алар емеспіз. Осымен қанша ойын бойы жақсы мүмкіндіктеріміз бола тұра қарсыласқа гол салдырып жатырмыз. Әрине, есепті ұстап тұрудан гөрі теңестіру қиындау. Әсіресе қарсылас қорғанысқа жатып алып, есепті ұстап тұру үшін жанталасып бақса қиынның қиыны. Гол соға алғанымыз үшін қуаныштымын. Біз өз мүмкіндігімізді іске асырдық. Біз оған сендік, оны күттік. Сондай кезде ойыншылар өз эмоцияларын тізгіндеп, аптықтарын баса тұрса екен деймін. Себебі жеңіліп жатып, шабуылға ден қойған кезде қарыма шабуылдан көз жазып қалуға да болады. Сол кезде жасаған бүкіл жасаған еңбегің зая кетеді. Жігіттерге соңғы жеңіліс қатты соққы болды. Футболшылар бүгін сырт алаңдағы ірі жеңіліс үшін жанкүйерлер алдында аянып қалмады. Жанкүйерлерге де алғыс білдіремін. Олар бізге қиын шақта тағы да трибунадан табыла білді. Олардың қолдаулары бізге күш береді. Ойыншылар бүгінге жеңіске жету үшін барын салды. Өкінішке орай тең ойнадық. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV