Абат Айымбетов: Бапкерлер берген нұсқауларды дұрыс орындадық

"Қайсар" - "Ақтөбе" матчында хет-трик жасаған "ақ-қызылдардың" шабуылшысы ойынға пікір білдірді - 1:3.

- Барша "ақ-қызыл" жанкүйерлерді бүгінге жеңіспен құттықтаймын. Қазіргі уақытта чемпионатта жеңіл ойын деген жоқ. Әр матчта 100 % беріліп ойнамасаң, қарсылас қателікті кешірмейді. Осы ойын да біз үшін қиын болды. Бағымызға орай алғаш болып есеп аштық. Одан әрі еркін ойнадық. Дегенмен алаң иелерінің де шабуылдары өткір болды. Ұжымдаса жүріп "Қайсардың" қысымына төтеп бере алдық. Бапкерлер берген нұсқауларды дұрыс орындап, жеңіске жеттік. Әрине, хет-трик жасағаныма қуаныштымын. Бірақ менің соққан үш голым ол бүкіл команданың еңбегі. Әлі де жеңісті күндер алда деп сенемін. Біз үшін әр ойын, әр ұпай маңызды. Жанкүйерлерге ыстық ықыластары үшін тағы да рахметімді айтамын. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV