Әлішер Әжімов:  "Ақ-қызылдар" сапында алғашқы голымды соққаныма қуаныштымын

"Ордабасы" қақпасына соғылған жалғыз голдың авторының ойыннан кейінгі пікірі - 1:4
 
- Біз үшін өте қиын ойын болды. Ақталғанымыз емес, бірақ Шымкентте Ақтөбемен салыстырғанда күн өте ыстық болды. Алғашқы минуттардан - ақ өз ойынымызды таба алмадық. Алаң иелері әр мүмкіндігін тиімді пайдалана алды. Менің соққан голыма келер болсақ, әрине, "ақ-қызылдар" сапында алғашқы голымды соққаныма қуаныштымын, дегенмен бұл голдың бізге пайдасы болмады. Біз үшін ең бастысы ұпай, нәтиже. Өкінішке орай, қажет ұпайымызды ала алмадық. Алда бізді әлі де бірнеше маңызды матчтар күтіп тұр. Сол ойындарға дайындалып, оң нәтиже көрсетеміз деп үміт етем. Бізді әрдайым қолдап жүретін барша ақтөбелік жанкүйерлерге алғыс айтамын. 
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV