Кахабер Цхададзе: "Ақтөбе" бас бапкерінің деңгейі өте жоғары

"Ордабасы" бас бапкері "Ақтөбемен" өткен ойын жайлы пікір білдірді - 4:1.

- Ең әуелі командамды бүгінгі жеңіспен құттықтаймын. Жақсы ойын болды. Бірнеше футболшы ойынға қатыса алмайтын болғандықтан, бүгін құрамға біршама өзгеріс енгіздік. Алғы шепке үш бірдей шабуылшы қойып, жылдам гол соғуды көздедік. Екінші тірек аймақ ойыншысы орнына алаңға Механовичті шығардық. Шабуылға шындап кірісіп кеттік. Бәрі біз ойлағандай болды. Тек өз айып алаңымыз жақта доптан көп айырылып қала беретініміз дұрыс болмады. Алаңға қосалқы құрамнан шыққан ойыншылар да жақсы ойнап шықты. Жеңіске әбден лайықты болдық. Қарсылас команданың бас бапкері, менің досыма қарата жылы лебіз білдіргім келеді. Ол бір жыл бойы жас ойыншылармен жақсы ойын өрнегін көрсеткісі келіп, тырысып бағуда. "Ақтөбені" осынысы үшін мақтап қоюға болады. Соңғы ойындарда олар "Қайсарды", "Атырауды" жеңді. "Ертіспен" тең ойнады. "Ақтөбенің" бас бапкерімен дос болғаныма қуаныштымын. Ол өте жоғары деңгейлі бапкер. Оларға тек сәттілік тілеймін."Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV