Александр Седнев: Есеп қандай болмасын, тек шабуылға иек арта ойнадық 

"Ақ-қызылдардың" бас бапкері "Ордабасымен" өткен ойын жайлы пікір білдірді - 1:4. 

- Қарсыласты жеңісімен құттықтаймын. Ірі есеппен жеңілсек те футболшыларыма кінә арта алмаймын. Олар қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Шеберліктері жеткен жерге дейін ойнады. Біз алаңда қорқасоқтап жүріп алмадық. Есеп қандай болмасын, тек шабуылға иек арта ойнадық. Одан нәтиже шығара алу немесе керісінше болуы ол басқа әңгіме. Өкінішке орай, өз қақпамызға бірнеше гол соқтырып алдық. Қарсылас команданың шебер ойыншыларының арынына төтеп бере алмадық. Бірақ бұған қарамастан, мен өз ойыншыларыма алғыстан басқа ештеңе айта алмаймын. Біз сенуіміз керек. Біз жоқ нәрседен бар шығара білуіміз керек, келесі ойындарға дайындала береміз. Бізге ұпай ауадай қажет. Өкінішке орай, құрамды енгізілген өзгерістер бізге қол болмады. Ойыншы тапшы екені бәріне аян. Әдеттегідей, бізді қолдаудан шаршамайтын жанкүйерлерімізге рахметімді айтамын. 

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV