Нурмат Мырзабаев: Тең есеп екі команданы да қанағаттандырмайды

"Тараз" ФК бас бапкері орынбасарының м.а. Нұрмат Мырзабаевтың "Ақтөбе" - "Тараз" (2:2) матчынан кейінгі пікірі. 
 
- Ойын жанкүйерлерге ұнады деген ойдамын. Екі рет есепте алда тұрып, жеңісті қолдан беріп қойдық. Бірақ жеңіліп те қалуымыз мүмкін еді. Бұл футбол... Біз өте сақ ойнадық. Жеңістен айырылып қаламыз деп жүрексінгендіктен болар. Сол себепті де матч соңында біздің ойыншылар қателіктер жіберіп жатты. Босаңсып кеттік. Қарсылас өз жанкүйерлерінің дем беруімен алғы шепте ойнаумен болды. Жанкүйерлер олар үшін 12-ші ойыншы. Қос команда да барын салып ойнады. Тең есеп екі команданы да қанағаттандырмайды. 
 
"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі. 

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV