Александр Седнев: Мен тағы да біздің жанкүйерлерге қайранмын

"Ақ-қызылдардың" бас бапкері "Қайрат" - "Ақтөбе" матчына пікір білдірді

- Қарсыласты заңды жеңісімен құттықтаймын. "Қайрат" барлық жағынан бізден мықты болды. Алғашқы минуттардан-ақ ойынымыз жүрмеді. Одан кейін алаң иелеріне қанат бітіп, біз керісінше бәсеңсіп қалдық. Бірдеңе деп айту қиын. Бұл ойын біз үшін сабақ болады деген ойдамын. Ойыншыларым осындай деңгейді бір көріп, тез қимылдауды үйренсе деймін. Өкінішке орай, біз баяу қимылдап жүрміз. Бұл ойын біз үшін жаңа бір кезең болмақ. Алаң иелері ойыншыларының жеке бас шеберлігі жоғары. Олар ұзақ ойлануға мұрша бермейді. Біз бұған төтеп бергіміз-ақ келеді, бірақ айырмашылық көрініп тұр. Мен кезекті рет біздің жанкүйерлерге қайранмын. Бұлай болуы мүмкін емес... Адам айтса сенгісіз... Бұндай нәрсе басқа жерде бар ма екен? Олар бізді бөтен қалада матч басталғаннан бастап соңына дейін қолдап шықты. Тіпті осындай ірі жеңілістен соң да бізге түсіністікпен қарап, қолдау сөздерін аямады. Бұны клубқа, ойыншыларға берілген үлкен аванс деп түсінемін. Бұл дүниені жақсы жағынан түсініп, дұрыс қабылдай аламыз деп сенемін. "Қайратқа" алтын медаль жолында тек сәттілік тілеймін. Ең мықтысы жеңсін.

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV