Александр Седнев: Өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық

"Ақ-қызылдар" бас бапкерінің "Ақтөбе" - "Оқжетпес" матчынан кейінгі пікірі - 1:2

- Жеңіліске лайықты болдық. Біз доп соғуды емес, доппен көп жүріп алуды көбейтіп қойдық. Бұлай ойнап, жеңіске жету мүмкін емес. Біз бүгін Премьер-лиганың деңгейіне келер ойын көрсеткен жоқпыз. Қаншама мүмкіндігімізді құр босқа жібердік. Қарсылас команда біздің қателіктерімізді тиімді пайдалана білді. Біз шабуылда өте баяу қимылдадық. Тәуекелге барып, тым алға шығып ойнадық. Сонда да екінші голды соға алмадық.
Қандай жағдайда болсақ та маусым бойына бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтамын. Бүгін де олар дем беріп отырды. Осындай жанкүйерлердің алдында тек қана жеңіс үшін ойнау керек.

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV