Рустам Сахибов: Кем дегенде тең ойын болуы керек еді

"Ақтөбе" жартылай қорғаушысы "Оқжетпеспен" өткен ойыннан соң пікір білдірді - 1:2.

- Қарссылас бүгінгі ойында біздің қателіктерімізді пайдаланып жеңіске жетті. Кем дегенде тең ойын болуы керек еді. Олар екі сәтте екі гол соға білді. Бірінші гол рикошетпен кіріп кетті, екінші голды стандарттан соқтырып алдық. Өзіміз көптеген мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Сен соқпасаң саған соғады. Бұл футбол. Тіпті жеңіп кетуге де болатын еді. Ойын соңында қонақтарды қысып тастадық, бірақ есепті теңестіре де алмадық.

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV