Александр Седнев: Қарсылас жеңіске лайықты болды.

«Ақтөбе» бас бапкері «Астанамен» өткен ойынға пікір білдірді.

-Пікір білдірерліктей де ештеңе жоқ. Қарсылас жеңіске лайықты болды. Өз командамның ойынына пікір айтудың өзі қиын болып тұр. Абаттың шықпағанына келер болсам, біз тәуекелге бармадық. Ол жарақатынан енді айығып келе жатыр, оның үстіне алаң төсеніші жасанды. Өз алаңымызда өткен ойында біз оны тек ойынды күшейту үшін ғана шығарған жоқпыз, оған аз-маз алаңға бой үйретсін деп ойынға қостық. Ойыншыларымның шабуыл шебіндегі қимылдары көңілімнен шықпады. Бәлкім қорқып ойнаған болар?... Бұлай сескене ойнау тек бүгін емес, бұрыннан бар нәрсе. Ойынға өзгеріс енгізе алатын ойыншылар мен тек ойынды толықтыратын ойыншылардың айырмашылығы осында.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV