Роман Григорчук: Ойынға көңілім толады.

«Астана» ФК бас бапкерінің «Ақтөбемен» өткен ойыннан кейінгі сұхбаты.

-Ойынға көңілім толады. Ойыншыларға да дән ризамын. Барымызды салып ойнадық. Аз ғана күш жұмсап жеңіп кету ойымызда да болған емес. Оның зардабы тиетінін біз білеміз. Ол туралы ойын алдында әңгімелестік. Біз әрдайым ынта-шынтамызбен, бар жанымызды салып ойнауымыз керек. «Ақтөбенің» Премьер-лигадан ұшып кетуі жайлы айтсам, мен дәл осындай жағдай «Ақтөбенің» басына келгеніне қынжыламын. Нағыз футбол атмосферасын Ақтөбеде өтетін ойындардан көріп жүрміз, қызуқанды жанкүйерлері бар, стадионы да тамаша, жасыл алаңдары да сапалы. Қайталап айтайын, бұл жағдай мені қынжылтады.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV