Александр Седнев: Жанкүйерлеріміз өз чемпионаттарында топ жарды

«Ақтөбе» ФК бас бапкері «Ақтөбе» - «Шахтер» матчынан кейінгі сұхбаты – 3:2.

-Дәл қазір ойын туралы айтқым келіп тұрған жоқ. Бір ауыз сөзбен түйіндер болсақ, ашық ойын болды. Қос команда да тартысты ойын көрсетті. Кей сәттерде біздің жолымыз болды десем болады. Мен өз алаңымыздағы соңғы ойыннан соң клубтағы барлық қызметкерлерге, көмекшілер мен ойыншыларға алғыс айтқым келеді. Жағдайдың қиын екені белгілі. Жалпы айтқанда, біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Әрине, оң нәтижеге қол жеткізе алмадық. Бірақ жақсы жағы да жоқ емес. Бұл сынақ клубты, қызметкерлерді біраз шыңдады деп ойлаймын. Ойыншыларға өз-өздеріне деген сенімділік сыйлады. Басшылар мен бапкерлерге тәжірибе болды. Соның ішінде жанкүйерлерді бөліп-жарып айта кеткім келеді. Иә, маусым сәтсіз болды. Бірақ жанкүйерлер өз чемпионаттарында топ жарды десем болады. Олар тек қана стадионды толтырудан емес, маусым бойы тынбастан қолдау көрсетулерімен үздік шықты.

-Сіз жаңа ғана киім ауыстыратын бөлмеден шықтыңыз. Ол жақтағы көңіл-күй қалай?

-Матчтың кейбір сәттерін әңгімеледік. Ешқандай да эмоция жоқ. Әр адам соңына дейін кәсіпқойлығын көрсетуі керек. Олар үлкен клубтың өкілдері екендігін мен оларға айтқанмын, бірақ жағдай осындай...

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV