Николай Костов: «Ақтөбе» өз алаңында жақсы ойнайтын команда

«Кеншілер» бас бапкерінің «Ақтөбе» - «Шахтер» матчынан кейінгі пікірі – 3:2.

-Қызықты ойын өтті. Қос команда да ашық ойын көрсетті. Қауіпті сәттер де көп болды. Жанкүйерлердің бүгінгі ойынға көңілдері толды деген ойдамын. «Ақтөбе» өз алаңында жақсы ойнайтын команда. Бүгін де олар жанкүйерлерін қуанта алды. Алаң иелері жеңіске лайықты болды. Біз бірінші таймда дұрыс ойнамадық. Екі гол соқтырып алдық. Содан кейін еңсемізді тіктеу қиынға соқты. Бірақ біз барынша тырысып, екі голмен жауап қаттық. Ойынды өз пайдамызға шешуге де мүмкіндік болған еді, бірақ алаң иелері үшінші голдарын соға алды. Қорғаныс шебінде көп қателік жасадық. Қарсыласты бүгінгі жеңістерімен құттықтай отыра, оларға сәттілік тілеймін.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV