Мұхамбет Тамабай: «Ақтөбенің» негізгі қақпашысы болғым келеді

«Ақтөбе» қақпашысының «Ақтөбе» - «Шахтер» матчынан кейін сұхбаты – 3:2.

-Біріншіден, жанкүйерлерге рахмет айтамын. Осындай суық ауа-райына қарамастан олар стадионға келіп, бізге қызу қолдау көрсетіп отырды. Олар бізбен жеңісте те, жеңілісте те бірге. Бұндай жанкүйерлер Қазақстанда ешбір клубта жоқ. Біздің дем берушіміз, 12-ойыншымыз - біздің жанкүйерлеріміз. Сонымен қатар, маған бүгінгі матчта сенім артқан бапкерлерге алғыс білдіремін... Ойын жайлы айтар болсам, жігіттер ойынды жақсы бастады. Допқа иелік етіп, мүмкіндігінше алыстан соққы жасауды қолға алдық. Үзіліске кетерде 2:0 есебімен жеңіп жаттық. Алайда екінші тайм басында қарсылас біздің қателіктерімізді пайдаланып, есепті теңестірді. Дәл бірінші таймдағы қарқынды жоғалтып алғандай болдық. Сөйтсе де, жігіттерге рахмет, жеңіс голын соға білдік. Біз бұл матчқа тек жеңіс үшін ғана шықтық. Осы күнге жеткеніме Аллаға шүкір айтамын, мен Қобыланды батыр стадионында «ақ-қызылдар» сапында ойнауды армандайтынмын. Сол арманыма жеттім. Әлі де көп жұмыс жасау керек, өсіп-жетіле беру керек. Басты арманым әрі мақсатым – «ақ-қызылдардың» негізгі қақпашысы болу. «Ақтөбенің» негізгі қақпашысы болу үшін барымды салам. Жеңіс құтты болсын!

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV