Ардақ Сәулет: Бұйырса, келесі жылы сіздерден дәл осындай қолдау күтеміз!

"Ақ-қызылдар" сапында жалғыз голды соққан жартылай қорғаушы маусымның соңғы ойынына пікір білдірді - "Тобыл" - "Ақтөбе" - 2:1.

- Ойын өте тартысты әрі қызықты өтті. Алаң иесі де, біз де маусымның соңғы ойынында жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуантқымыз келді. Өкінішке орай, "Тобыл" өз мүмкіндіктерін бізге қарағанда жақсы пайдалана білді. Біздің ойынымыз нашар болды деп айта алмаймын. "Тобыл" мықты команда... Алғашқы турдан бастап соңына дейін бізге үлкен үмітпен, зор сеніммен қараған жанкүйерлердің алдында басымызды иеміз. Бұйырса, келесі жылы сіздерден дәл осындай қолдау күтеміз!

"Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Недостаточно прав для комментирования


Фото

FC AKTOBE TV