Новости

«Тоғысқан тағдырлар» айдары. «Ақтөбе» - «Қайсар» матчы қарсаңында кезінде қос команда сапында өнер көрсеткен ойыншыларды назарларыңызға ұсынамыз.

- «Ақтөбе» қақпашысы Рамиль Нұрмұхаметов «Қайсар» сапында 2015 жылғы маусымда доп тепкен, 5 ойынға қатысып, 1 гол жіберген.

-«Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеев «Қайсарда» 2017 жылы ойнап, 10 ресми ойынға қатысқан.

-«Қайсар» жартылай қорғаушысы Валерий Коробкин «Ақтөбе» сапында 2014-2015 жылдары ойнап, 62 матчта 6 доп соққан.

-«Қайсар» жартылай қорғаушысы Мақсат Байжанов «Ақтөбеде» 2010 жылы ойнаған, 5 ресми ойын, гол соқпаған.

-«Қайсар» жартылай қорғаушысы Дмитрий Евстигнеев «Ақтөбеде» 2012 жылы өнер көрсеткен, 4 ресми ойын.

-«Қайсар» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген «Ақтөбеде» 2013-2015 жылдары ойнап, 97 ресми ойында 2 гол соққан.

-«Қайсар» шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай «Ақтөбеде» 2016 жылы ойнаған, 13 матчта 2 гол соққан.

-«Қайсар» шабуылшысы Игорь Зенькович «Ақтөбеде» 2014 және 2017 жылдары ойнап, 68 ресми ойынға қатысқан, 17 гол соққан.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.


Фото

FC AKTOBE TV