«Ақтөбе» Алматыдағы жиынын тәмамдады

27.Сен.2022

Оңтүстік астанада апталық оқу-жаттығу жиындарын өткізген ақ-қызылдар бүгін қаламызға ұшып келді. Андрей Карпович шәкірттері даярлық аясында алматылық «Қайратпен» бақылау матчын (3:3) ойнады.

УЕФА Ұлттар лигасына қатысу үшін Қазақстан құрамасына шақырту алған Юрий Логвиненко, Рамазан Оразов және Темірлан Ерланов, еліміздің U20 жастар құрамасына шақырылған Максим Самородов және Либерия мен Руанда құрамаларының қосынына аттанған Йоахим Адукор мен Жерар Гоу «Ақтөбеге» кейіннен келіп қосылады.

Француз жартылай қорғаушысы Уго Видемонның жиын аяғында Алматыға келіп, командаға қосылғанын айта кетейік.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі