Данияр Сахи — #ОрдабасыАқтөбе матчының бас төрешісі

28.Окт.2022

ҚФФ Төрешілік ету және инспекциялау департаменті Olimpbet-Қазақстан Чемпионатының 25-тур аясындағы болатын матчтарына төрешілер тобын тағайындады.

Футболдан Olimpbet-Қазақстан чемпионаты
25-тур
29 қазан
Ордабасы – Ақтөбе

Төрешілер: Сахи Данияр (Қызылорда), Васютин Сергей (Алматы), Карлов
Евгений (Павлодар)

VAR төрешісі: Абдуллаев Бағдат (Қаратау)
AVAR төрешісі: Лесив Станислав (Семей)
Қосалқы төреші: Ташметов Сардар (Шымкент)
Инспектор: Антонов Виктор (Павлодар)

Сахи жалпы өзінің мансаптық тарихында «Ақтөбенің» қатысуымен өткен 8 матчқа бас қазы болып тағайындалған. Оның екеуінде ақтөбеліктер жеңіске жетсе, біреуінде тең ойнап, бесеуінде жеңіліс тапқан.