Ернар Жалбыров: «Екінші таймның басында аз-маз босаңсып, концентрациямызды жоғалтып алдық»

03.Окт.2022

— Ойынға жоспарлы түрде дайындалдық. Жігіттер барлық жауапкершілікті сезінді. Біріншіліктегі ең маңызды матчтардың бірі болатын. Өз алаңымызда ойнадық. Бірінші таймда ойынға толық бақылау жүргіздік, үстем болып, гол соғатын мүмкіндіктерге ие болдық. Бір доп салып, есепте алға шықтық. Алайда екінші таймның басында, менің ойымша, аз-маз босаңсып, концентрациямызды жоғалтып алдық. Гол жібердік, сосын стандарттан екіншісін өткіздік. Теңестірдік. Бірақ бұрыштамадан қарсылас тағы жазалап кетті. Есепті қайта тең қылып, тіпті алға шығатын да уақыт жеткілікті болды. Дегенмен мүмкіндіктер жасаған болсақ та, ұрымтал сәтке дейін жеткізбедік. Қарсылас жабық түрде екінші нөмірмен ойнады. Жинақы қорғанды. Талдау жасап, әрі қарай жұмыс істейтін боламыз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі