Жерар Гоу: «Орасан қолдау білдіретін жанкүйерлерімізге тек жеңіспен алғыс айта аламыз»

07.Сен.2022

Жеңіс голын соққан ивуарлық шабуылшымыз бүгінгі өткен «Қызылжарға» қарсы кездесу жайлы эмоцияларымен бөлісті.

— Бүгінгі матч біз үшін оңайға соқпады. Ауыр ойын. Матчты жақсы бастадық. Әр доп үшін талас жүргіздік. Себебі жеңіске жеткіміз келді. Мен өте бақыттымын.

Бүгін алаңға шыққаным үшін бапкерге разымын. Соның арқасында гол соға алдым. Маған берілген жарты сағатта барымды салдым. Голым командаға жеңіс сыйлағаны үшін қуаныштымын. Мен жақсы нәтижеге сендім. Біздің мақсатымыз — чемпион атану. Мен жігіттерді мақтан тұтамын, командалық жұмыс арқылы жеңіске жеттік.

Минималды жеңіс? Әйтеуір үш ұпай қалтамызда. Енді бәрі бізге қарсы ойнауға тырысады. Чемпиондық жеңіл шаруа емес. Әр матч сайын ойнау қиынға түсіп жатыр. 1:0 есебімен болса да, біз әрбір ойында жеңіске жету үшін күшімізді аямаймыз. Бізге орасан қолдау білдіретін жанкүйерлерімізге тек солай ғана алғыс айта аламыз. Қайталап айтамын: жеңіс маған бүгін бақыт сыйлады!

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі