Жанкүйерлермен кездесу ұйымдастырылды

04.Авг.2021

Жанкүйерлермен кездесу ұйымдастырылды

Кеше «Ақтөбе» футбол клубының басшылығы мен команда жанкүйерлері арасында кездесу өтті.

Бастапқыда «Территория красно-белых» жанкүйерлер Қауымдастығының ұсынысын қабыл алған басшылық басқосу өткізу үшін облысымыздың бас санитарлық дәрігеріне аталмыш шараға рұқсат сұрап хат жолдаған болатын. Алайда, өкінішке қарай, өңіріміздегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты, адамдар көп шоғырланатын шаралардың өткізілуіне тыйым салынды.

Бірақ барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, клуб басшылығы 10-15 адам көлеміндегі жанкүйерлер өкілдерін қабылдап, олар «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз залында Басқарма төрағасы Ерлан Жамантаевқа көкейкесті сауалдарын жолдады.

Атап айтқанда, жергілікті футболсүйер көрермендер басшыға трансферлік саясат, осы маусымдағы мақсат-міндеттер мен инфрақұрылымдық мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оларға өз жауаптарын алды. Сондай-ақ бұл кездесу тікелей эфирде де жүргізілген болатын, бейнежазбасы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларда жарияланған.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі




Организована встреча с болельщиками

Вчера прошла встреча между руководством футбольного клуба «Актобе» и болельщиками команды.

Изначально руководство приняло предложение сообщества болельщиков «Территория красно белых», направив на имя главного санитарного врача области письмо для того, чтобы было дано разрешение провести встречу. Однако, к сожалению, в связи с ухудшением эпидемиологической ситуации, был получен запрет на проведение мероприятия с массовым скоплением людей.

Но с соблюдением всех мер безопасности в пресс-зале футбольного клуба «Актобе» состоялась встреча между руководством клуба и представителями болельщиков в количестве 10-15 человек, где были направлены актуальные вопросы в адрес председателя Правления Ерлана Джамантаева.

В частности, местные любители футбола спросили у главы о трансферной политике клуба, целях и задачах на текущий сезон, а также об инфраструктурных проблемах, на что получили ответы. При этом был проведен прямой эфир данной встречи, видеозаписи которой опубликованы на страницах социальной сети Instagram.

Пресс-служба ФК «Актобе»