Ресми: Абылайхан — «Ақтөбе» шабуылшысы

08.Фев.2023

Ресми: Абылайхан — «Ақтөбе» шабуылшысы

Қазақстан ұлттық құрамасының 21 жасар ойыншысы Абылайхан Жұмабек «Ақтөбе» футбол клубымен 2 жылға келісім-шартқа отырды.

Тараз футбол мектебінің түлегі Қазақстанның U16, U17, U19 және U21 деңгейіндегі жасөспірімдер-жастар командаларынан ұлттық құрама дәрежесіне дейін көтеріле білген футболшы.

Былтырғы ел чемпионаты мен Кубогі аясында Жұмабек туған командасы “Тараз” сапында 14 гол соғып, екі нәтижелі пас шығарған.

Ақ-қызыл жанұяға қош келдің дей отырып, Абылайханға тек сәттілік тілейміз!