Т.Ерланов: «Барлық мақсаттарға жетуге және жанкүйерлерді қуантуға көмектесу үшін барлық жақсы қасиеттерімді көрсетуге тырысамын.»

14.Июл.2021

«Ақтөбе» футбол клубының жаңа ойыншысы Темірлан Ерланұлы клуб баспасөз қызметіне сұхбат берді.

— Мен «Ақтөбенің» жейдесiн кигеніме өте қуаныштымын. Барлық мақсаттарға жетуге және жанкүйерлерді қуантуға көмектесу үшін барлық жақсы қасиеттерімді көрсетуге тырысамын .
Шыны керек жаңа клубқа ауысар басында маған ел біріншілігінің бірнеше клубтарынан ұсыныстар түскен болатын. Дегенмен мен ойланбастан «ақ-қызылдар» сапына ауысуды жөн көрдім. Себебі кез-келген қазақ футболшысы жанкүйерлері көп «Ақтөбе» командасында ойнауды армандайды деп ойлаймын.
Алдымызда әлі де ел чемпионаты мен Қазақстан Кубогы бар. Осы мүмкіндіктерді сәтті пайдалана алатынымызға сенімім мол.
Алға Ақтөбе!

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі