«АҚТӨБЕГЕ» 3 ҰПАЙ ҚАЙТАРЫЛДЫ

15.Apr.2021

Ендігі кезек «Шахтер» мен «Жетісу» клубтарында.
ҚФФ Футбол клубтарын сертификациялау комиссиясы кезекті жиынында Ақтөбе қаласындағы стадиондардың жағдайын талқылады. Комиссия мүшелері берілген фото-видео материалдар арқылы тексеру жұмыстарын жүргізіп, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраевтың мінездемесіне құлақ асты. Сонымен, «ОДЮШОР» стадионы комиссияның 10 наурыз күні жасаған ескертулерін түгелімен ретке келтіргені байқалды. Енді алдағы уақытта «Ақтөбе» футбол клубы өз алаңындағы матчтарын аталған стадионда өткізе берсе болады. Сондай-ақ, ҚКФЛ «Ақтөбе» клубына уақытша шегерілген 3 ұпайын қайтарып беру жайлы шешім қабылдады.
Айта кетуіміз керек, дәл осындай мәселемен лига басшылығы «Шахтер» және «Жетісу» клубтарына да қатаң ескерту жасаған еді.