«Ақтөбе» қыздар командасы ел чемпионы атанды

19.Sep.2022

11-18 қыркүйек аралығында Орал қаласында 2009-2010 жылдары туған қыздар командалары арасында ҚР чемпионаты өткізілді.

“Ақтөбе” футбол орталығында тәрбиеленіп жатқан қыз балалар бәсеке барысында барлық қарсыластарын жеңіп, алтыннан алқа тағынды.

Әсем Қожанқұл мен Аслан Бөкенбайдан тәлім терген түлектеріміз жарыста қостанайлық “Тобыл” қыздарын 5:0, талдықорғандық “Жетісуды” 7:0, оралдық “Ақжайықты” 7:1 және түркістандық “Тұранды” 6:0 тас-талқан ұтып жеңімпаз болды.

Оған дейін сондай-ақ алғашқы турда ақтөбелік жас бұрымдылар “Таразды” 7:0, “Астананы” 5:1 және алматылық “Қайратты” 3:1 есебімен жеңген еді.

Жалпы саны жеті ойында қарсыластарын ойсырата жеңген команда сапында үздік ойыншы деп Жолболат Әсел танылса, Бижанова Аружан турнирдің үздік жартылай қорғаушысы атанды.

Құттықтаймыз!