Ералы Тоғжанов: “Біздің талабымызға сәйкес, Федерация тиісті бағасын беруі керек”

01.Nov.2022

Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы “Ақтөбе” футбол клубы жанкүйерлеріне қолдау білдіріп, өзінің олармен бірге екендігін жеткізді.

— Мен бұл жағдайдан хабардармын. Тиісті үндеу Қазақстан футбол федерациясына да жолданды. Талапқа сәйкес Федерация өтінішті қарап, тиісті бағасын беруі керек. Сіздер секілді мен де бұл жағдайға алаңдаулымын және әділ шешімін күтемін. Мен шағымның объективті тұрғыда қаралатынына сенемін. Біз үшін бұл өте маңызды, – деді өңір басшысы.