Жерар Гоу Руанда ұлттық құрамасына шақыртылды

22.Sep.2022

«Ақтөбе» шабуылшысы Жерар Гоу Африка ұлттар Кубогінің іріктеу кезеңіне дайындық аясында өтетін жолдастық кездесулерге шақырту алды.

Атап айтқанда, Руанда 23 және 27 қыркүйекте Экваторлық Гвинея құрамасымен екі бақылау матчын өткізеді.

Ойындар Марокконың Агадир қаласында өтеді деп жоспарланған.